Коалиция мүшелері сайлауға байланысты мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында алдағы саяси науқанның маңыздылығы, азаматтық белсенділіктің рөлі және әділ, ашық сайлау өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жаңа Конституция аясындағы өзгерістер мен оның мәдениет саласына ықпалы жөнінде кеңінен түсіндірме берілді.
Мәдениет қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда мәдениеттің ерекше орны бар екенін атап өтті. Кездесу еркін форматта өтіп, өзара сенім мен түсіністікке негізделген мазмұнды диалог алаңына айналды. Коалиция мүшелері алдағы уақытта да түрлі сала өкілдерімен кездесулер жалғасатынын жеткізді.




