САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ НАЗАРДА

 

Әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығын қамтамасыз ету – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Әсіресе, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау – сайлау үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігінің маңызды көрсеткіші.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 14 шілдедегі №33/62 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округіне қарасты сайлау учаскелерінде мониторинг жұмыстары жүргізілді.

 

 

Мониторинг тобы сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін, ғимараттардың инфрақұрылымын, дауыс беру кезінде қажетті жағдайлардың жасалу деңгейін және заң талаптарының сақталуын зерделеді. Тексеру барысында пандустардың, кіру жолдарының, ақпараттық көрнекіліктердің және сайлаушыларға қызмет көрсетуге қажетті басқа да жағдайлардың талапқа сай ұйымдастырылғанына назар аударылды.

Қорытындысында мониторинг тобы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын толыққанды жүзеге асыруына қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп бағаланып, тексеру барысында жоюды қажет ететін кемшіліктер анықталмады және қосымша ұсыныстар енгізілген жоқ.

Бұл – сайлау учаскелерінде инклюзивті орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын және әрбір азаматтың конституциялық құқығын іске асыруға ерекше мән берілетінін көрсетеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT