Сайлау учаскесі алдында өнер думаны өрнек тапты

 

Нариман Үлкенбайұлы атындағы Тұщықұдық мәдениет үйі басшысының міндетін атқарушы Рита Жаппарованың айтуынша, сайлау күнінің мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл күйде өтуіне орай сайлаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мәдени шараның басты мақсаты – сайлаушылардың көңіл күйін көтеріп, маңызды күнге ерекше леп қосу. Концерт барысында өнерлі жас бүлдіршіндер сахнаға шығып, әуезді әндерін орындап, мың бұрала би биледі. Балалардың өнері сайлау учаскесіне келген тұрғындарға жақсы көңіл күй сыйлап, мерекелік әсер қалдырды. Өнерпаздардың әрбір өнер көрсетуі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қошеметке ұласты.

Сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындар өз азаматтық таңдауын жасап қана қоймай, мәдени бағдарламаны тамашалап, жақсы әсермен тарқасты. Мұндай шаралар сайлау күнінің қоғамдық маңызын айшықтап, ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыруға да өзіндік үлесін қосады.

Айта кетейік, №130 сайлау учаскесінде барлығы 1389 сайлаушы тіркелген. Учаскеде дауыс беру барысымен қатар, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға және сайлау күнін мазмұнды өткізуге ерекше мән берілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT