Сайлауға келген сексен жастағы ардагер

 

Сексен жасты еңсерген ауыл ардагері Қазымов Патих №138 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Ауыл өміріндегі маңызды науқаннан қалыс қалмай, азаматтық жауапкершілігін тағы бір мәрте танытты.

Қазымов Патих үшін сайлауға қатысу – ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын білдірудің бір көрінісі. Жасына қарамастан сайлау учаскесіне өз еркімен келіп, дауыс беруі – ауыл тұрғындарына, әсіресе жас буынға өнеге боларлық іс.

Ардагердің белсенділігі – ел тағдырына қатысты маңызды таңдаудан әр азаматтың шет қалмай, азаматтық міндетіне жауапкершілікпен қарауының көрінісі.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT