Шаруагер депутат көппен бірге

 

Қамысқалалық шаруагер Әнес Сидеғалиевті ауылдастары жақсы таниды. Мүмкіндігі болып жатса мұқтажға қарасудан да тартынбайтын азамат алғыс та алып жүрген жан.

Аудандық мәслихаттың соңғы екі-үш шақырылымы бойына халықтың қалаулысы да болып, депутат ретінде де ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет қылып келе жатқан ол бүгін де көппен бірге. Олай деуімізге себеп, шаруаның қамымен ой мен қырды кезіп, бір мігір көрмейтін жан республикалық референдумға қатысуға уақыт тауып, бүгінгі күні ауылдастарымен бірге өз азаматтық ұстанымын да білдіріп үлгерді.

-Біздің күнделікті қолданыстағы үлкен-кіші заңдарымыздың қай-қайсысы да осы Ата заңнан тамыр алып жататыны белгілі ғой. Ал заң - бәріміз мойындайтын әрі бәрімізге керекті дүние. Бұдан шығар қорытынды – Конституция мемлекетке, сол мемлекеттің басты байлығы – адамға қызмет етеді. Сондықтан әркім де өз таңдауын жасауға немқұрайды болмауы тиіс,-дейді ол.

 

 

Жоламан Дәулетияр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT