Шаруаларға — мемлекеттік субсидия

Коллаж: aikyn.kz

 

Атырау облысындағы малды өңірлердің бірінен саналатын Исатай ауданында 29 шаруа қожалығына жалпы сомасы 68,2 млн. теңге мемлекеттік субсидия төленді.

Мұндай қаржылай қолдау шаралары негізінен ата кәсібін дамытуға, асыл тұқымды түлікті көбейтуге және өнімділікті арттыруға бағытталды. Әсіресе, етті-сүтті ірі қараның санын ұлғайтып, өнімін молайтуға, олардың ішінен бордақылау алаңдарына алынатындарының күтімін жақсартуға назар аударылды.

– Бұдан бөлек, былтыр аудандық үш шаруашылық субъектісі 40,2 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияны иеленді. Бұл қаражатқа «Ерасыл» шаруа қожалығы екпелі шөп өсіруге қолданылатын жаңбырлатып суару құрылғысын, «Арғымақ-Айғана» шаруа қожалығы трактор, «Рысбек» шаруа қожалығы шабылған шөпті тайлағыш техника сатып алды, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дидар Есмұханов.

 

Дәулетқали АРУЕВ,

Исатай ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT