Сойып, етін сататын болсаңыз...

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған «Ветеринария туралы» Заңы бар. Осы Заңның 25-бабы 11 және 11-1 тармақшасында былай көрсетеді: «Алдын ала ветеринариялық тексеру жүргізбей малдарды өткізу (сату) үшін союға және сойғаннан кейін малдың етін ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге (сатуға) болмайды. Кейіннен өткізілетін (сатылатын) малдар міндетті түрде мал сою пунктінде немесе алаңында немесе ет өңдеу кәсіпорнында сойылуы керек». Бұл– Заңның баршаға ортақ міндетті талабы.

Мұны білу өте маңызды. Кейіннен өткізуге (сатуға) арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін орындарда, әсіресе жеке аулаларда союға Заң бойынша рұқсат етілмейді.  Ауыл шаруашылығы жануарларын тек сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында ғана сою қажет. Ветеринариялық дәрігер союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына ілеспе ветеринариялық құжаттың болуын, ауыл шаруашылығы жануарларының ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін, ауыл шаруашылығы жануарларына  жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеу нәтижелері туралы мәліметтерді тексереді.

Сондай-ақ, ветеринарлық дәрігер сойылатын малдарға клиникалық қарап-тексеру жүргізеді. Яғни денсаулығында ауру белгілері бар ма соны бақылайды, дене қызуын өлшейді, дем алуын, жүрек соғуын бақылайды. Содан соң ол сойылатын жануарды ветеринариялық журналға тіркеп, союға жібереді. Сойғаннан кейін ұшалар мен ішкі ағзаларды тексеріп, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізіп, ұшаларды (етті) таңбалауды жүргізеді. Осы рәсімдердің барлығы аяқталған соң ветеринариялық дәрігер форма №2 үлгідегі ветеринариялық анықтаманы рәсімдейді. Ветеринариялық анықтамасыз ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдерін тасымалдауға болмайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдерін ветеринариялық анықтамасыз тасымалдаған кезде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабы, 1-бөлігі, 2-тармақшасына сай жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы баршаңызды ветеринария саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады. 


Динара СЕРІК, 
Исатай аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT