Исатай ауданының белсенді спортсүйер азаматтары, оның ішінде «Isatai Run Club» жүгіру клубының мүшелері, бүгінгі референдумда азаматтық ұстанымдарын білдірді. Клуб мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін жаңа өзгерістер бойынша өз таңдауын жасап, ел болашағына өз үлестерін қосты.
Клуб жетекшісі Бекзат Қуандықұлының айтуынша, клубтың 17 мүшесімен бірге мұндай белсенділік – тек спортта ғана емес, қоғамдық өмірде де бірліктің, жауапкершіліктің және азаматтық сананың көрінісі. Клубтың әр жасы өз сайлау учаскесінде дауыс беріп, әр азаматтың конституциялық құқығын іске асырудың маңызды екенін көрсетті. Қатысушылар өз пікірлерін білдіру арқылы Конституцияға ұсынылатын түзетулерге қатысты маңызды шешім қабылдауға үлес қосты.
Референдумға қатысу – жастарға да белсенділік танытып, ел болашағына өз үлестерін қосуға шақыратын жақсы мысал болды.
Сағыныш ҚАЙЫР


