Құрылтай депутаттарын сайлау аясында Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік алаңында «TARTYL FEST» спорттық сайысы өтті. Турникке тартылудан өткен жарысқа 16-35 жас аралығындағы 17 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады.
Сайыс екі жас санаты бойынша ұйымдастырылды.
25-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында 17 рет тартылған Ералы Сралиев үшінші орынға ие болды. 18 рет тартылған Азамат Сұңғатов екінші орын алса, 20 рет тартылған Нұралы Мұстахов бірінші орынды иеленді.
Ал 16-25 жас аралығындағы қатысушылар арасында 29 рет тартылған Бекзат Хамидолла үшінші орынға ие болды. Думан Асхатұлы да 29 рет тартылып, екінші орынға тұрақтады. Ал 31 рет тартылған Мейрамбек Серікболұлы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Жарыс барысында қатысушылар күш пен төзімділіктерін сынап, тартысты бәсеке көрсетті. Спорттық шара жастардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен медальдар табысталды.


