Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі

 

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің келбетін жақсартуға бағытталған ауқымды бастама. Жоба аясында өткізілген сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары, өзен-көл жағалауларын тазарту, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асуда.

Бастаманың басты ерекшелігі – тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, халықтың санасына жауапкершілік ұялатуында. Әсіресе жастардың, еріктілердің, мекеме ұжымдарының және ауыл тұрғындарының бірлесе атсалысуы қоғамдағы ынтымақ пен ортақ іске деген жанашырлықты айқын көрсетті. Тазаланған аумақтар, ретке келтірілген саябақтар мен көшелер – жобаның нақты нәтижесі.

Сонымен қатар, түсіндіру және ақпараттық жұмыстардың жүргізілуі экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етуде. Қоқысты сұрыптау, табиғатты қорғау, көгалдандыру мәдениетін қалыптастыру – болашақ ұрпақ үшін маңызды қадам.

«Таза Қазақстан» – бір күндік акция емес, ол – тұрақты түрде жалғасуы тиіс ортақ міндет. Әрбір азамат туған жердің тазалығына бейжай қарамай, өз ауласынан бастап үлес қосса, елді мекендердің көркі артып, өмір сүру сапасы жақсара түседі. Тазалық – мәдениеттің айнасы. Сондықтан бұл жоба ел болашағы үшін маңызы зор игі бастама ретінде қолдауға лайық.

 

Меруерт Низамиқызы,

Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT