Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Жанбай ауылында «Таза Қазақстан» жэалпыұлттық тұжырымдама аясында Каспий теңізінің экологиялық жүйесін сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында жағалау бойында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған игі шараға еріктілер, ауыл тұрғындары, жастар ұйымдарының өкілдері және Теңіз балық инспекциясының мамандары белсенді қатысты.
Акция барысында қатысушылар теңіз жағалауын пластик құтылардан, полиэтилен қалдықтарынан, шыны сынықтарынан және тұрмыстық қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, жағалау аумағын санитарлық талаптарға сай қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды сұрыптау мен жинауға ерекше көңіл бөлінді.
Шараның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің бірегей табиғи экожүйесін сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында табиғатқа жанашырлық сезімін арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар өңірдегі тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

Тазалық акциясы барысында жиналған бірнеше тонна қоқыс арнайы техника көмегімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. Қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.


