Таза Қазақстан - таза орта, жарқын болашақ

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында Исатай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағының тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырды.

 

 

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері белгіленген аумақтарды тазалап, айналаны қоқыстан арылту және қоғамдық орындардың көркін келтіру жұмыстарына белсене қатысты. Тазалық жұмыстарына атсалысқан қызметкерлер туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың үлгісін көрсетті.

Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау және тазалықты сақтаудың маңыздылығын насихаттау.

 

 

Туған жердің таза әрі көрікті болуы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өйткені тазалық тек бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс.

Исатай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және осындай игі бастамаларға белсенді түрде атсалысуға шақырады.

Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі! Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамыздың парызымыз!

#ТазаҚазақстан #ИсатайАуданы #Сенбілік #Тазалық #ЭкологиялықАкция #ҚоршағанОртаныҚорғау

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT