"Таза Қазақстан" - тазалық пен жауапкершіліктің бастауы

 

Исатай ауданы жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінде «Ұлттық волонтерлік желісінің» бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Акция барысында оқушылар мен ұстаздар мектеп аумағын қоқыс пен қураған жапырақтардан тазартып, гүлзарлар мен жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты. Бұл шара қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, оқушыларды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

 

 

Осындай игі істер арқылы оқушылардың волонтерлік қызметке деген қызығушылығы артып, қоғамға пайдалы еңбек етудің маңызын түсіне түсті. Әрбір жасалған жақсы іс – таза әрі көрікті болашаққа қосылған үлес!

Тазалық – өзімізден, қамқорлық – әрқайсымыздан басталады! 💚

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT