Исатай ауданының Жанбай ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесінің тұрғындары ұйымдастырған сенбілік челленджі жоғары деңгейде өтіп, ауылдың көркеюіне бағытталған игі шаралардың біріне айналды. Іс-шара барысында көше тұрғындары бірлесе отырып, аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар ауылдың тазалығы мен көркін арттыруға елеулі үлес қосты.

Сонымен қатар, челлендж аясында аталған көшеде тұратын ардақты қарияның үйінің ауласына жеміс-жидек ағаштары отырғызылып, үлкенге деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі көрсетілді. Мұндай игі іс ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін, ынтымағын және ұлттық құндылықтарға деген адалдығын айқын аңғартты.

Сенбілік барысында тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерді көркейту және келер ұрпаққа үлгі болу бағытында белсенділік танытты. Осындай бастамалар ауылдағы қоғамдық бірлікті нығайтып, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Аталған челлендж эстафета ретінде Жанбай ауылының Қызылбас және Исатай көшелерінің тұрғындарына жолданды.


