Теміржолшы азаматтық таңдауын жасады

 

Нарын ауылындағы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №138 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны ұйымшылдықпен өтуде. Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді атсалысуда.

Учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың өз еркін білдіруіне барлық мүмкіндік жасалған. Комиссия мүшелері дауыс беру барысының ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етіп отыр.

Ауыл тұрғындарының арасында бұл маңызды науқанға ерекше жауапкершілікпен қарап келген жандар аз емес. Солардың бірі – теміржол саласында қызмет ететін теміржолшы Жұмабек Буребаев.

Теміржол саласында еңбек еткен азаматтың айтуынша, қоғамның дамуы әр адамның саналы шешім қабылдауынан басталады. Сондықтан ол ауыл тұрғындарын да осындай маңызды науқанға белсенді қатысуға шақырды.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT