Нарын ауылындағы №138 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді түрде өтіп жатыр. Елдің маңызды саяси науқанына ауыл тұрғындарымен қатар, теміржол саласының қызметкерлері де ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасады.
Теміржолшылар ұжым болып сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Әрқайсысы ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап, дауыс беру құқығын пайдаланды.

№138 сайлау учаскесінде барлығы 700 дауыс беруші тіркелген. Таңнан басталған дауыс беру барысында тұрғындардың белсенділігі байқалады. Ұжым болып келген теміржолшылардың бұл қадамы елдік мәселеге бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің көрінісін аңғартты.
Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды мүмкіндік. Ал теміржолшылардың бірлесіп келіп, дауыс беруі – еңбек ұжымының ауызбіршілігін ғана емес, ел өміріндегі маңызды үдеріске ортақ жауапкершілікпен қарайтынын да көрсетті.


