Түнгі ауысымның шыққан мұнайшылар өз таңдауын жасады

 

Жанбай ауылдық округіндегі №135 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белсенді өтуде.

Таңмен таласа учаскеге келген тұрғындардың қатарында «Потенциал Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түнгі ауысымнан шыққан жұмысшылары да бар.

Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс ауысымынан кейін арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындады. Олар сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруінің маңызды жолы екенін атап өтті.

Осылайша, еңбек ұжымының азаматтық белсенділігі №135 сайлау учаскесіндегі дауыс беру қарқынының жоғары болуына өз үлесін қосып отыр.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT