Төрт түлік – берекенің бастауы

 

Атырау облысында малды өңірлердің бірінен саналатын Исатай ауданында бүгінде атакәсіппен айналысатын 383 шаруа қожалығы тіркелген. Соңғы кездері төрт түліктің басы өсіп қана қоймай, соған сәйкес одан алынатын өнім көлемі көбейген. Яғни, табысы молая түскен.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дидар Есмұхановтың айтуынша, осы жылдың басындағы есепте ұсақ мал (қой-ешкі) 41 300-ге жуықтаса, мүйізді ірі қара 33 400-ден асқан. Сол сияқты, жылқы 30 718 және түйе 11 136 басты құраған. Соның ішінде асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен шұғылданатын 14 шаруашылықта сиыр саны 1 540-қа жеткен.

–Өткен жылы ауданда жалпы сомасы 12,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104 пайызға тұрақтады. Есепті мерзімде 6 301 мың тонна ет пен 3 136 мың тонна сүт өндірілді. Нәтижесінде жыл басында белгіленген меженің артығымен орындалуына қол жеткізілді, — деді салалық бөлім басшысы.

 

Дәулетқали АРУЕВ

Исатай ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT