Тұщықұдық тұрғындарымен Жаңа Конституция жөнінде кездесу өтті

Бүгін аумактық коалиция мүшелері  А. Рахметовпен. Ж. Қабиев Исатай ауданы, Тұщықұдық халқымен  кездесіп, жаңа Ата заң жобасының маңыздылығын түсіндірді. 

Кездесуде жаңа Заң жобасында халықтың ұсыныстары ексеріліп, азаматтардың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына ерекше мән берілгенін атап өтті. 

«Өздеріңізге белгілі, заң жобасының 84 пайызына өзгерістер енгізілді. Денсаулық сақтау, құқық саласы, сот саласы, білім және ғылым салаларында айтарлықтай оң өзгерістер болғалы тұр. Себебі, комиссия мүшелері жаңа жобаны жазарда азаматтардың, сарапшылардың, саяси партиялардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі қарап, талдап, ортақ пайымға келді. Шындығында, жаңа Ата заң жобасы жаңа Қазақстанның барлық қажеттіліктеріне сай жасақталған»,- деді коалиция мүшесі.

 

 

Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасын ресми түрде әзірлеп, жариялағанын және оны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға шығарылғанын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT