Тұщықұдықтық мұнайшының туған күндегі маңызды қадамы

Жанбай ауылдық округіндегі №135 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белсенді өтіп жатыр. Бүгін аталған учаскеге «Потенциал Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындады.

Кәсіпорын қызметкерлері ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын білдіріп, маңызды саяси науқанға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Ұжым мүшелері ұйымшылдық танытып, дауыс беру үдерісіне белсенді атсалысты.

 

Сол жұмысшылардың бірі әрі бүгінгі күннің туған күн иесі Дархан Бақтығұлов та өз ойын білдіріп, ел өміріндегі маңызды науқандардан тыс қалмау әр азаматтың парызы екенін жеткізді.

– Бүгін біз ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық. Елдің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды сәтте дауыс беру – азаматтық міндетіміз деп есептеймін. Бүгін туған күніммен қатар, азаматтық таңдауымды жасағанымды да жақсы бір белгі деп қабылдаймын, – деді Дархан Бақтығұлов.

Сайлау учаскесіне келген еңбек ұжымы осылайша өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытып, ел болашағына қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT