Бүгін туған күнін қарсы алып отырған Шугайпов Қуанышқали үшін бұл күн қос қуанышқа толы. Мерейлі күнінде ол ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да шет қалмай, №138 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Туған күн иесі үшін бұл – мерекелік көңіл-күймен қатар, азаматтық жауапкершілігін танытқан ерекше күн. Ол өз таңдауын жасап, ауылдың ертеңі мен елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.


