Туған күнінде азаматтық таңдау жасады

 

Бүгінгі референдум күні №137 референдум учаскесінде ерекше сәт орын алды. Туған күн иесі Меңдіғалиева Қаламқас азаматтық борышын орындап, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

1967 жылы дүниеге келген Қаламқас Меңдіғалиева қазіргі уақытта Теңіз кен орнында еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандардың бірі. Еңбек жолында жауапкершілікті басты орынға қоятын ол, қоғам өміріндегі маңызды саяси науқандардан да шет қалмайтынын көрсетті.

Туған күнінің дәл референдум күнімен тұспа-тұс келуі Қаламқас үшін ерекше мәнге ие болды. Ол мерекелік күнін ең алдымен ел тағдырына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосудан бастады.

– Бүгін мен үшін қос мереке. Бір жағынан туған күнім, екінші жағынан ел үшін маңызды күн. Сондықтан өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындауды парызым деп білдім. Әр адамның дауысы ел болашағына әсер етеді, – деді ол.

№137 референдум учаскесіне келген тұрғындар да туған күн иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Осындай сәттер референдумның тек саяси науқан ғана емес, халықтың бірлігін айқындайтын маңызды күн екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Айта кетейік, №137 референдум учаскесінде барлығы 804 дауыс беруші азамат тіркелген. Учаскеге келген тұрғындар белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды науқанға өз үлестерін қосуда.

Туған күнінде елдік іске атсалысқан Қаламқас Меңдіғалиеваның бұл қадамы азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағалануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT