Вахтадағы жұмысшылар да елдік таңдаудан шет қалған жоқ

 

Исатай ауданындағы сайлау науқаны өндіріс орындарында да ұйымдасқан түрде жалғасуда. Нарын ауылдық округіне қарасты Сазанқұрақ мұнай-газ кен орнында вахталық әдіспен еңбек етіп жүрген жұмысшылар үшін дауыс беру мүмкіндігі жасалды.

Кен орнында 20-дан астам сайлаушы бар. Олардың жұмыс кестесі мен вахталық тәртібіне байланысты сайлау учаскесіне келуі қиын болғандықтан, №138 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері арнайы Сазанқұрақ кен орнына барды.

Жұмысшылар өндірістік міндеттерін атқара жүріп, азаматтық борышын орындауға мүмкіндік алды. Сайлау комиссиясының кен орнына арнайы баруы вахталық режимде жұмыс істейтін азаматтардың да елдік таңдау жасауына жағдай туғызды.

Бұл – сайлау процесінде әрбір азаматтың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру жұмыстарының бірі. Өндіріс орнындағы жұмысшылар да өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT