Өз таңдауын жасаған теміржол ардагерлері

23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн. Осы күні Құрылтай депутаттарын сайлау үшін 133 сайлау учаскесінде дауыс беруге Құрылтай теміржол саласының ардагерлері, ерлі-зайыпты Бисен Меңдіғалиев пен Зура Қарабалина да келіп, өз таңдауларын жасады.

Теміржол саласына 30 жылдан астам уақытын арнаған Бисен Зайырұлы үшін елдің болашағына қатысты әрбір саяси науқанның маңызы зор. Ардагер азамат сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.

 

-Мен теміржол саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесімді қосуға тырыстым. Бүгінгі таңда да елдің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау үшін дауыс беруге келдім. Құрылтай депутаттары халықтың ұсыныс-пікірін жеткізіп, ел дамуына қажетті мәселелердің шешілуіне атсалысады деп сенемін. Барша азаматтарды өз таңдауын жасауға шақырамын», – деді Бисен Зайырұлы

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT