Қамысқала ауылдық округіндегі №129 сайлау учаскесінде 1055 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері учаскеге келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтардың да дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған.
Бүгінде учаскеге ерекше қажеттілігі бар 4 азамат келіп, азаматтық таңдауын білдірді. Олардың екеуі – көру қабілетінен, тағы екеуі – есту қабілетінен айырылған азаматтар.
Солардың бірі – 1966 жылы туған Халесов Нұрлан. Ол І топтағы мүгедектігі бар азамат, көру қабілетінен толық айырылған. Соған қарамастан Нұрлан Ғариполлаұлы сайлауға қатысуды өзінің азаматтық парызы деп біледі.
Нұрлан Ғариполлаұлының еңбек жолы да ел экономикасымен тығыз байланысты. Ол ертеректе Атырау мұнай өңдеу зауытында – Атырау мұнай өндіру зауытында еңбек еткен. Кейін денсаулығына байланысты заңды қамқоршылыққа алынған.
Көру мүмкіндігінен айырылғанына қарамастан, Нұрлан Халесов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы – оның қоғамдық өмірден шет қалмайтынын аңғартады.
Сайлау учаскесінің жауапты мамандары мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру кезінде кедергіге тап болмауына мән беріп, қажетті көмекті ұйымдастырған. Осылайша әр азаматтың өз таңдауын еркін білдіруіне мүмкіндік жасалды.
1055 сайлаушының әрқайсысының дауысы маңызды. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау учаскесіне өз еркімен келіп, азаматтық белсенділік танытуы – қоғамда әр адамның таңдауы үшін мүмкіндік бар екенін көрсетеді.



