Забурындықтар лотерея ойнатты

Жылдағы үрдіспен Забурын ауылдық округінде де наурыздың 20-сы күні «Қош келдің, Наурызым» атты мерекелік шара өтті. Шараны ашқан ауыл әкімі Асылан Ғұбаш жиналғандарды мейраммен құттықтады. Мейрамның көркі қызған орталық саябақта жастар алтыбақан тепсе, үлкендер қазан-ошағын құрып, пісірілген бауырсақ пен көжеден барша ауыл халқы дәм татты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мерекелік ән шашу мен қойылымдар ауылдық клубтың сахнасында жалғасын тапты. Сазды бағдарламадан соң ұлттық ойындарымыз ләңгі тебу, қол күресі, кіртасын көтеруден жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар-ға сыйлықтар берілді. Кәсіпкер Есенжан Құрасовтың демеушілігімен лотерея билеттері сатылып, ондағы ең ірі ұтыс ауыл тұрғыны Нұрлан Пауеденовке бұйырды. Шара соңында Наурыз мейрамын тойлауға жиналған ауыл халқына Қыдыр ата кейпін сомдаған батагөй қария Уахит Адилов ақ батасын берді.

Анаргүл Құсаынова

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21