«Үздік мектеп парламенті» облыстық байқауында мектеп-гимназия жүлдегер атанды

 

Көшбасшы ұрпақ – ел ертеңінің еңсесін тіктейтін, болашаққа бастар сенімді күш. Осындай жас буынның қарым-қабілетін шыңдап, талантын таныту мақсатында облыстық білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Үздік мектеп парламенті» облыстық байқауы өтті. Бұл білім додасына қала, ауданнан жиналған дарынды оқушылар қатысып, өзара бақ сынап, үздіктер анықталды.

Жалпы саны 10 мектептің арасынан зеректігімен, ұйымшылдығымен және көшбасшылық қырларымен дараланған Мектеп-гимназия оқушылары аудан намысын абыроймен қорғап, үздік үштіктің қатарынан көрініп, жүлделі екінші орынды еншіледі.

 

 

Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі екендігін оқушылар жетекшісі, аға тәлімгер Шырайлым Молдағалиқызы да растады.

– Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 4 кезеңнен тұрды. Шәкірттердің жауапкершілігі мен ұйымшылдығы, бір мақсат жолында жұмыла білуі ерекше нәтиже берді. Әр тапсырмада олар өз ойларын еркін жеткізіп, креативті шешімдер ұсына білді. Нәтижесінде, үміт ақталып, маңдай термен келген жеңіс мерейімізді үстем етті,-дейді ол өз сөзінде.

 

 

Осылайша, аталмыш байқау оқушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға жол ашары сөзсіз.


Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT