Жүгірген жүзге жетеді

Қыстың аязы кетіп, жер аяғы кеңіп, күн жылынып, жаздың жайма шуақ күндері келе жатыр. Жылылыққа үйренген тәніміз, көктем мезгілінің салқынды-жылы ауа райына үйренісе алмай жатады. Оны қалыпқа келтіру үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет.

Ең тиімді әрі оңай жолы күнделікті жай жүрістен гөрі жүгірудің пайдасы көбірек. Өйткені остеоартроздың алдын алып, буындарыңызды қатайтасыз. Жүгірудің адам денсаулығына пайдасы өте көп. Оны жүгіруді әдетке айналдырған адамдар да мойындайды.

Себебі, жүгіру көңіл-күйді көтеріп, артық салмақ пен ұйқысыздықпен күресуге жол береді. Күнделікті таңертең көше не саябақ ішіндегі жолдың бойымен жүгіріңіз.

Жүгірудің арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесінше, сенімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойыңызға сіңіресіз. Басыңызға қиындықтар түсіп, сәтсіздікке ұшырасаңыз, жүгіріңіз! Себебі, жүгірген кезде адам бойындағы барлық жағымсыз ойлардан арылады. Сондай-ақ, жүгірудің арқасында көңіліңіз көтеріліп, талай мәселелердің шешімін таба аласыз.

Жүгірудің басты пайдасы - денсаулықты түзету. Ұзақ ғұмыр кешем десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді. Жүгірудің алдында 1 сағат бұрын 1 кесе ыстық шәй не 1 стакан айран ішіп, алма не банан жеп алыңыз. Ал жүгіріп болғаннан кейін жаттығулар жасаған абзал. Күн сайын жүгірудің уақытын көбейтіңіз. Жүгірген кезде жеңіл әрі ыңғайлы киім киіп, ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз.

Егер де жүгірген кезде өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалып, күш жинаңыз. Екі-үш күндік үзілістен кейін жүгіруді қайта қолға алыңыз. Ауа-райы нашарлап, жаңбыр не қар жауған кезде жүгіруге болады. Бірақ та, аяздан қорықсаңыз, жаттығу залына жазылыңыз.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика