«Жайықмұнайгаз» ұжымы елдік таңдауды бірге жасады

Исатай ауданындағы №140 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жалғасуда. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға еңбек ұжымдары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскесіне «Жайықмұнайгаз» мұнай-өндіру басқармасының қызметкерлері ұжым болып келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Мұнайшылар азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.

 

Ұжым мүшелерінің айтуынша, сайлауға қатысу – ел өміріне бейжай қарамайтын әр азаматтың жауапкершілігі. Еңбек ұжымы үшін де маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз азаматтық ұстанымын білдіру маңызды.

– Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды кезең. Біз де ұжым болып келіп, азаматтық міндетімізді орындадық. Елдің тұрақты дамып, халықтың әл-ауқаты арта түсуін қалаймыз, – дейді «Жайықмұнайгаз» мұнай-өндіру басқармасының қызметкерлері.

Айта кетейік, №140 сайлау учаскесінде 1226 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT