«ЖайықМұнайГаз» ұжымымен тұрақты кездесу

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшесі С. Шарапиден  “Жайықмұнайгаз” МГӨБ-ның қызметкерлерімен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасының жалпы ерекшеліктері мен қабылдану процесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді. 

Атап айтқанда, ұсынылып отырған жоба бұрынғы конституциялық түзетулермен салыстырғанда ауқымы жағынан едәуір кең екенін атап өтілді. Сарапшылардың бағалауынша, Негізгі заң мәтінінің 84 пайыздан астамы өзгеріске ұшырайды, бұл іс жүзінде жаңа Конституция қабылдаумен тең. Жоба 11 бөлімнен және шамамен 95 баптан тұрады. Преамбула мен бөлім атаулары толықтай жаңартылып, мазмұндық тұрғыдан қайта қаралған. Сонымен қатар, «Халық кеңесі» және «Конституцияға түзету енгізу тәртібі» атты екі жаңа бөлім енгізіліп отырғаны түсіндірілді

Үкімет бұл өзгерістерді адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге және Конституция негізінде құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалап отыр. Осы ретте Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық форматта өткенін атап өтілді. Комиссия құрамына 130-дан астам өкіл енгізіліп, түрлі әлеуметтік топтардың, азаматтық ұйымдардың, сарапшылар мен саяси бірлестіктердің пікірлері қаралған. Отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп, қоғам ұсыныстары ескерілгені айтылды.

Кездесу барысында аталған мәселелерге кеңінен тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап берілді. Жаңа жобаны таныстыру процесі қоғамның белсенді қатысуымен жүзеге асырылып жатқаны түсіндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT