Жанбай ауылдық округіндегі №135 референдум учаскесінде дауыс беру барысы белсенді өтуде. Бүгін аталған учаскеге «Потенциал Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық міндеттерін орындады.
Кәсіпорын қызметкерлері ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын білдіріп, референдумға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Ұжым мүшелері ұйымшылдық танытып, дауыс беру үдерісіне белсенді қатысуда.
Сол жұмысшылардың бірі Жеңіс Орашев те өз пікірін білдіріп, мұндай маңызды саяси науқандарға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін айтты.

– Бүгін біз ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды сәтте дауыс беру – азаматтық міндетіміз деп есептеймін, – деді ол.
Айта кетейік, №135 референдум учаскесінде 1828 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Учаскеге келушілердің қатары да аз емес.


