Жанбай ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исатай ауданының Құрметті азаматы Мырзажан Балпанов №135 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан ардагер азамат өз сөзінде Қазақстанның жарқын болашағы үшін Құрылтай сайлауында дауыс бергенін атап өтті.
–Елдің ертеңі – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына бейжай қарамауы керек, – деді ардагер Мырзажан Балпанов бізбен болған әңгімесінде.


