Жанбай ауылдық оругіндегі №135 сайлау учаскесіне еңбек ардагері Қазима Қадимова арнайы келіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамайтынын жеткізген ардагер сайлаудың әр азамат үшін үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Оның сөзінше, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр тұрғын өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, таңдау жасауға тиіс.
– Бүгінгі сайлау – еліміздің ертеңі үшін маңызды. Әр адамның дауысы елеулі. Сондықтан азаматтарды өз таңдауын жасауға құқылы. Елдің дамуы мен болашағы бәрімізге ортақ,-деді Қазима Қадимова бізбен болған әңгімесінде.
Еңбек ардагері үшін сайлауға қатысу – азаматтық міндет қана емес, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағына деген сенімнің белгісі. Ол ел тыныштығы мен тұрақтылығының сақталып, Қазақстанның одан әрі өркендей беруін тіледі.
Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 1849 дауыс беруші тіркелген.
Сағыныш Қайыр


