Ел өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық таңдауын жасағандардың қатарында жас ұстаздар да бар.
Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің тәлімгері, жас педагог Қоңысова Айша №138 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіріп жүрген ұстаз үшін ел болашағына қатысты маңызды науқаннан қалыс қалмау – азаматтық белсенділіктің көрінісі.
Жас маман өз таңдауын жасап, туған жердің өркендеуі мен елдің ертеңіне әр азаматтың өзіндік үлесі бар екенін көрсетті.
Сағыныш Қайыр



