28 ақпан-2 наурыз күндері аралығында өткізілетін «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп КММ-нің оқушыларымен маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың және түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, пиротехникалық бұйымдарды қолдану тәртібі, газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі алаяқтықтан сақтану жолдары кеңінен айтылды.
Іс-шараға Исатай аудандық полиция бөлімі ҚҚб-нің ЮПТ-нің учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Б.Махмединов пен полиция майоры Б.Абуталин қатысып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді және жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етеді.


