Исатай ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында жағалау аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға белсенді жастар қатысып, табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында маңызды жұмыстар атқарды.

Акция барысында жағалау бойында жиналған тұрмыстық қалдықтар мен әртүрлі қоқыстар тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосылды. Сонымен қатар жастар тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты аялауға және тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.

«Таза жағалау» акциясының негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи аумақтардың тазалығын сақтау, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәселелерге қоғамның назарын аудару. Осындай шаралар арқылы жастар туған өлкенің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттауда.



