"Жасыл ел" жастар еңбек жасағының 2026 жылғы XХІI еңбек маусымына Исатай ауданы бойынша 16-35 жас аралығында жастарды жұмысқа қабылдау (абаттандыру, көгалдандыру бағыттары бойынша) басталды.
🔹"Жасыл ел" ЖЕЖ 2026 жылы Исатай ауданына қарасты 7 ауылдық округ аумағына жұмысқа қабылдайды. Сарбаздар өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмысқа қабылданады.
🔹"Жасыл ел" ЖЕЖ жастарды тек 1 ай ғана жұмыспен қамтиды. (маусым айында жұмыс жасаған сарбаз шілде, тамыз айларына қабылдана алмайды).
🔹Жұмысқа қабылдануға қажетті құжаттар:
📌Жеке куәлік (алдыңғы және артқы бөлігі);
📌18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы.
📌Тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжат
📌Жалақының жалпы мөлшері 85 000 тг (Жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жеке табыс салығы және әлеуметтік аударымдар ұсталады)
📌Жобаға өтінім беру үшін @isatai_ishkisayasat және @isatai_jastary парақшасының БИО сілтемесіне өтіңіз
Қосымша ақпараттар және сұрақтар үшін байланыс номері: +7 775 558 7913 (Айлана)


