Жазғы демалыс кезіндегі балалардың судағы қауіпсіздігі – басты назарда

 

Жаз мезгілі басталысымен балалардың бос уақыты көбейіп, өзен-көлдер мен су айдындарының маңында демалушылар саны артады. Осыған байланысты балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие.

Исатай ауданы аумағында қазіргі уақытта арнайы жабдықталған және ресми түрде суға шомылуға рұқсат етілген жағажайлар жоқ. Сондықтан аудан тұрғындары мен ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, белгіленбеген және жабдықталмаған су айдындарында шомылуға жібермеуді сұраймыз. Атырау облысында ресми жағажайлар негізінен облыс орталығы мен жекелеген аудандарда орналасқан, ал басқа аудандарда мұндай орындар жоқ.

Суға шомылу кезінде орын алатын қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуі, қауіпсіздік талаптарын сақтамауы және шомылуға арналмаған орындарды таңдауы болып табылады.

Ата-аналарға келесі қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады:

- Балаларды су айдындарына жалғыз жібермеу;
- Шомылуға арналмаған жерлерде суға түспеу;
- Балалардың суда ойнауын үнемі бақылауда ұстау;
- Құтқару құралдарын пайдалану;
- Суға түсу алдында балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Құрметті аудан тұрғындары! Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ересектердің жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жазғы демалысты қауіпсіз әрі көңілді өткізуге болады.

 

Исатай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT