Жұлдыз – Қарағандыдан жүлделі оралды

 

21-22 ақпан күндері Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының ардагерлері мен әуесқойлары арасындағы жеңіл атлетика чемпионаты тартысты әрі бәсекеге толы өткізілген. Бұл дода Qazaqstan FMA ұйымдастыруымен өткен еді.

Атырау облысының намысын қорғауға төрт спортшы – екі қыз, екі ер азамат барған болатын. Ерлер құрамасы бұл жолы жүлдеге іліге алмағанымен, қыздар қауымы жоғары нәтиже көрсетті.

 

 

40–50 жас санатында бақ сынаған атыраулық Айгүл Уалиева тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Тәжірибе мен төзімділікті ұштастырған спортшы жарыс жолында қарсыластарына дес бермей, биік тұғырға көтеріліп, чемпион атанды.

Ал 35–39 жас санатында сынға түскен жерлесіміз Жұлдыз Заманғалиева үш шақырым қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдегер атанды. Бұл – оның биылғы алғашқы жеңісі.

– Бұл жарыс жылына екі рет өткізіледі. Биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіме қуаныштымын. Енді жазғы Қазақстан чемпионатына бұдан да мықты дайындықпен бару – басты мақсатым, – дейді бізбен болған әңгімесінде жанбайлық әуесқой спортшы.

 

 

Спортшылардың бұл жетістігі – өңір спортының даму қарқынын көрсететін жарқын мысал. Жерлесімізге алдағы Жазғы Қазақстан чемпионаты жолында сәттілік серік болып, жеңісті күндер көп болсын дейміз.

 

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT