Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Нығметов Жарас №135 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан азамат сайлауға дауыс беру әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлау күні өз таңдауын жасау – елдің ертеңіне деген көзқарасты білдірудің бір жолы.
– Жұмысым аудан орталығында болғандықтан, жыл сайын жұмысқа бармас бұрын ертерек сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасап кетуге тырысамын. Бұл – мен үшін қалыптасқан дәстүр. Себебі әр азамат өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, ел болашағына қатысты таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, – деді Жарас Нығметов.
Азамат сайлау учаскесіндегі жұмыстардың таңғы сағаттан жүйелі ұйымдастырылғанын айтып, тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.
Сағыныш Қайыр


