Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдум күні Исатай ауданының орталығында ерекше белсенділік байқалды. Аудан тұрғындары дауыс беруге келіп қана қоймай, ұйымдастырылған жәрмеңкені де тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Жәрмеңкеде ауыл тұрғындарының өз қолдарымен әзірлеген түрлі тәтті тағамдары, ауыл шаруашылығы өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, ұлттық тағамдар, табиғи өнімдер келушілердің қызығушылығын арттырды.

Ауыл тұрғыны Нұргүл Қаржауованың айтуынша, жәрмеңке өте қызу өтіп жатыр.
— Бүгін ауыл тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылуы халықтың көңіл күйін көтеріп, бір-бірімен көрісіп, амандасып, мерекелік атмосферада бас қосуына жақсы мүмкіндік беріп отыр, — дейді ол.

Жалпы, бұл шара тұрғындардың бірлігін арттырып, маңызды саяси науқанды ерекше мазмұнда өткізуге өз үлесін қосуда. Дауыс беруге келген жұртшылық жәрмеңкені аралап, ауыл кәсіпкерлерінің өніміне қолдау білдіріп жатыр



