Зинеден ауылдық округінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

фото видеодан алынды

 

Зинеден ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырып, әкімшілік ғимаратының аумағында кең көлемді тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері ғимарат айналасын қоқыстан тазартып, ауланы сыпырып, жасыл желек маңын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды. Іс-шараға барлығы 13 қызметкер белсенді түрде қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

 

 

Сонымен қатар, осы күні ауылдағы мектеп пен балабақша ұжымдары да аталмыш экологиялық бастамадан шет қалмай, өздерінің аула аумақтарында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Ұстаздар, техникалық қызметкерлер және мекеме ұжымдары ауладағы қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтіріп, білім беру ұйымдарының аумағын таза әрі көрікті қалыпқа келтіруге атсалысты.

 

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай игі шараларға мемлекеттік мекемелердің, білім беру ұйымдарының және ауыл тұрғындарының бірлесіп қатысуы қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT