«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Зинеден ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер түсіндірілді. Мәслихат депутаттары ұсынылған түзетулер саяси реформалардың жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа нормалар азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Жоба аясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, цифрландыру және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері қамтылғаны жеткізілді.



