Зинеден ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектепте Жаңа Конституция жобасы талқыланды

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының өкілдері Зинеден ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің ұстаздармен кездесті. 

Жүздесуде коалиция мүшелері, Азербаев Еммат Гарифоллаұлы, Нұрлан Зұлхарнайұлы, Қарлығаш Дәулетқызы және Салауат Сахбиденұлы жаңа Конституция жобасының жаңалықтарын жеткізіп, білім саласына енгізілетін оңды өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.

 

 

Кездесуде Жаңа Конституция жобасындағы білім мен тәрбие беру жүйесінің зайырлы сипаты талқыланды. Бұл қағида сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасап, жастарды еркін ойлауға, ортақ құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге жол ашады. Бұл — қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT