Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау күні Зинеден ауылдық округіндегі №136 сайлау учаскесіне еңбек ардагері, Зинеден ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Биханов Ғаділбек жұбайы Балсия Меңдіғазиевмен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Көп жылын мұнай саласына арнаған ардагер үшін ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Ғаділбек Биханов жұбайымен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру құқығын пайдаланды.
Ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына өз еңбегімен үлес қосқан ардагер мұнайшы бүгінгі таңда да қоғамдық өмірден шет қалмай, кейінгі буынға азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп келеді.
Ал жұбайы Балсия апаймен бірге дауыс беруі бұл күннің отбасы үшін де мәні зор екенін аңғартты. Олар елдің ертеңіне қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосты.
Зинеден ауылдық округіндегі №136 сайлау учаскесінде барлығы 758 дауыс беруші тіркелген. Мұнда сайлаушылардың дауыс беруі белсенді түрде жалғасуда.


