47 «Келешек» мектебі жас ғалымдардың қабілетін шыңдауда

 

47 «Келешек» мектебінде STEAM және робототехника бағыттары қарқынды дамып келеді. Оқушылар «Смарт бала» және «Жетекші сенсорлар» үйірмелерінде бағдарламалау, 3D модельдеу, Arduino платформасымен жұмыс істеу, робот құрастыру және жобалар әзірлеу дағдыларын меңгеруде. Бұл бағыттағы жұмыстарды STEM кабинетінің жетекшісі Толағай Жанай мен робототехника үйірмесінің жетекшісі Саягүл Күлбаева жүргізеді. Оқушылардың еңбегі нәтижесіз емес: республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында Сахуатолла Әлазиз бен Жанесен Арсен І дәрежелі диплом иеленсе, Байғали Исмайл мен Құрақбай Ахмад ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар Сахуатолла Әлазиз бен Байғали Исмайл «JasUP Arduino Hackathon – 2026» хакатонында жүлделі орын алды. Мектепте заманауи білім мен тәжірибе ұштасып, оқушылардың ғылыми ізденісі мен инженерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT