«Таза Қазақстан» республикалық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық жоба ғана емес, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын маңызды қоғамдық бастама.
Атырау облысында бұл акцияның жүйелі түрде өткізілуі жастардың туған жерге деген жанашырлығын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті нығайтуға үлкен серпін беріп отыр.
Бүгінде өңір жастары сенбіліктерге, көгалдандыру жұмыстарына, қоғамдық орындарды тазарту және абаттандыру шараларына белсенді қатысып келеді. Мұндай игі бастамалар жастардың қоғам өміріне белсенді араласуына, ортақ іске үлес қосуына және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Ассамблея жастары» ұйымы үшін экологиялық тәрбие, еріктілік қозғалысын дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыру – басым бағыттардың бірі. Әртүрлі этнос жастарының ортақ мақсат жолында бірігіп еңбек етуі қоғамдағы достық пен өзара сыйластықты нығайтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қағидаттарын іс жүзінде көрсетеді.
Атырауда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, экологиялық сананы қалыптастырудың тиімді алаңына айналды. Алдағы уақытта да мұндай бастамаларға жастардың қатысуы артып, табиғатты қорғау ісі қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналады деп сенемін.
Нұрхан Бағытжанов,
Атырау облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы


