Ата-аналарға арналған семинар өтті

 

Атырау қаласындағы №47 «Келешек мектебінде» арнайы педагогтің ата-аналармен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 27 наурызда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында қолдау: әдістер мен тәсілдер» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үй жағдайында қолдау жолдарын түсіндіру, сондай-ақ олардың оқу, жазу, математикалық және мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тәсілдермен таныстыру болды.

Іс-шара барысында ата-аналарға баламен тиімді жұмыс жүргізу әдістері көрсетіліп, күнделікті өмірде қолдануға болатын ұсыныстар берілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды педагог-дефектолог Мукашева Анфиса Тохтарқызы мен педагог-психолог Карасаева Енлик Нурмагамбетқызы жүргізді.

Мұндай кездесулер ата-аналарға балаларын қолдауда нақты бағыт-бағдар беріп, олардың дамуына оң әсерін тигізеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT