Атырауда «Келешек мектептері» арқылы білім беру инфрақұрылымы жаңғыртылуд

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Атырау облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

2023–2025 жылдарға жоспарланған жоба бойынша өңірде 9 «Келешек мектебін» салу көзделген. Оның алтауы Атырау қаласында орналасқан. Бүгінде жалпы 3600 орындық 6 «Келешек мектебі» пайдалануға берілді.

Жаңа үлгідегі мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, STEM-зертханалар, робототехника және IT кабинеттерімен, шығармашылық шеберханалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ оқушылардың жан-жақты дамуына және инклюзивті білім алуға барлық жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта облыста 17 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 4 мектепті 2026–2027 жаңа оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT