Атырауда №46 «Келешек» мектебінде жазғы бейіндік лагерь өз жұмысын жалғастыруда

Атырау қаласындағы №46 «Келешек» мектебінде ұйымдастырылған жазғы бейіндік лагерь оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге және жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап отыр.

Лагерь бағдарламасы аясында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық сабақтарға қатысып, топтық жұмыстар орындап, өз ойларын еркін жеткізуге, көшбасшылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға машықтануда. Сонымен қатар, зияткерлік ойындар, тренингтер мен тәжірибелік тапсырмалар арқылы жаңа білім мен дағдыларды меңгеруде.

Лагерь қатысушыларының айтуынша, әрбір күн қызықты әрі мазмұнды өтуде. Олар жаңа достар тауып, өзара тәжірибе алмасып, түрлі бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысуда.

Жазғы лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттырып, олардың жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы орта қалыптастыру.

Оқушылар ұйымдастырушылар мен жетекшілерге қызықты әрі пайдалы бағдарлама үшін алғыс білдіріп, лагерьде алған білімдері мен тәжірибелерін алдағы уақытта өмірде тиімді қолданатындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT